Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан қоржынанда алғашқы медаль

Қазақстан қоржынанда алғашқы медаль

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева 77.40 ұпаймен Қазақстан қоржынына тұңғыш медальды салды. Юлия Галышева финалдық кезеңнің бірінші бөлігінде өз тобында сәтті өнер көрсетіп, финалдық екінші кезеңге өткен болатын. Еліміздің жанкүйерлері үлкен үміт күткен Юлия іріктеу кезеңінде 76.36 ұпай жинап (7 орын), финалға жолдама алған болатын. Ол алғашқы финалдық кезеңде 75.10 ұпай жинап, тағы да 7-ші орынға табан тіреді. Шешуші кезеңде отандасымыз француздық Перрен Лафонт пен канадалық Жюстин Дюфуа-Лапуантты алға жіберіп алды.
12 ақпан 2018 ж. 1 139 0