Азия ойындары: Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы алтын жеңіп алды
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739537081_2.jpg)
Бұл медальды шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы салды. Отандастарымыз финалда Жапония құрамасына қарсы өткізді.
Алтын үшін таласта қазақстандықтар қарсыластардан әлдеқайда жоғары деңгейде екенін көрсетті. Алғашқы кезеңде Самат Даниярдан пас алған Андрей Буяльский есеп ашты.
Екінші кезеңде Дмитрий Бреус пен Роман Старченко таблода есепті 3:0 жеткізді.
Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы тағы екі шайба соқты. Кирилл Панюков финалдық ойында дубль авторы атанды. Қорытынды есеп 5:0.
Нәтижесінде Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден 2025 жылғы Азия ойындарының чемпиондары атанды. Алтын үшін таласта еш қарсылық көрсете алмаған Жапония күміс жүлдені жеңіп алды. Ал Оңтүстік Корея хоккейшілері Қытайды 5:2 есебімен жеңіп, қолаға қол созды.
Қазақстан құрамасы осылайша өз тарихында бес дүркін Азия чемпионы болды. Бұған дейін отандастарымыз 1996, 1999, 2011, 2017 жылдары жеңген еді. Айта кетейік, Қазақстан хоккейден Азия ойындарын 5 рет жеңген жалғыз команда.
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі