Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңді
Қазақстандық жеңіл атлеттер атлеттер Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы бірінші орын алды. Бұл сайыста Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвин ел намысын қорғады. Олар мәреге 3:09:15-та жетіп, ұлттық рекордты бұзды. Екінші орынды Катар (3:09:26), үшінші орынды Тәжікстан (3:34:45) иеленді.
Тағы бір алтын медальді 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру бойынша Давид Ефремов жеңіп алды. Қазақстандық атлет бұл қашықтықты 7:65 секундта жүгіріп өтті.
Тағы бір алтын медальді 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру бойынша Давид Ефремов жеңіп алды. Қазақстандық атлет бұл қашықтықты 7:65 секундта жүгіріп өтті.