Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Универсиада-2019: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті

Универсиада-2019: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті

Михаил Литвин Неапольда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында күміс жүлдегер атанды, 400 метрге жарысқан желаяқтар арасынан Литвин мәреге екінші болып келді. Қазақстандық жеңіл атлет аталған қашықтықты 45.77 секундта жүгіріп өткен. Алтын медаль мексикалық Валенте Мендосаға (45.53) бұйырса, қоланы Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Гардел Эдвард Исакс (45.89) иеленді. Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Универсиада ойындарында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Дзюдошы Ғалымжан Қырықбай чемпион атанса, гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими және стенд атушы Зоя Кравченко мен жеңіл атлет Михаил Литвин күміс еншілеген. Стенд атудан қола жүлдені Сәрсенкүл Рысбекова иеленген болатын.
11 шілде 2019 ж. 922 0