Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды

Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды

АҚШ-тың Индианаполис қаласында өткен FINA Champions Swim Series әлемдік турнирінде қазақстандық Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. Ол 200 метрге брасс әдісімен жүзуде турнирдің күміс медалін еншіледі. Баландин аталған қашықтықты 2 минут 10.02 секундта жүзіп өтіп, ресейлік Антон Чупковқа ғана есе жіберді. Чупков пен Баландиннің арасын 1.04 секунд қана бөліп тұр. Қола медаль голландиялық Арно Камминганың еншісінде.  Еске сала кетейік, Баландин Будапештте өткен турнирдің екінші кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын. Ал турнирде жеңіске жеткен ресейлік Антон Чупков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.  Жүзуден Champions Swim Series турнирінің финалдық кезеңі, 200 метр, брасс. Ерлер: 1. Антон Чупков (Ресей) - 2.08.98 2. Дмитрий Баландин (Қазақстан) - 2.10.02 3. Арно Камминга (Нидерланд) - 2.10.04
https://kaz.tengrinews.kz
02 маусым 2019 ж. 680 0