Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дмитрий Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды

Дмитрий Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды

Дмитрий Баландин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды
Жүзуден Қазақстан командасының жетекші спортшысы Дмитрий Баландин Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) Champions Swim Series атты жаңа турниріне қатысты. Әлемдік жарыстың бірінші кезеңі Гуанчжоуда өтті. Екі финалдық сайысқа қатысқан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин қола медаль жеңіп алып, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу нормативін орындады деп хабарлайды Olympic.kz. Брасс әдісімен 200 метрге жүзу сайысында берілген қашықтықты 2:09.37 уақытымен жүзіп өткен біздің спортшы төртінші нәтижені көрсетті. А нормативінің уақыты - 2:10.35. Осылайша қазақстандық спортшы осы жетістігінің арқасында Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.  Осы қашықтықта 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері ресейлік Антон Чупков 2:07.48 уақытымен жеңімпаз атанды. Екінші орында қытайлық Цин Хайянь. Оның уақыты - 2:08.31. Жапониялық  Иппэй Ватанабэ 2:09.33 көрсеткішімен үшінші орын алды.  Дмитрий Баландин сондай-ақ 4х100 метр аралас эстафетасына қатысты. Бұл сайыста ол қола медаль иеленді.
https://24.kz
30 сәуір 2019 ж. 1 155 0