Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата кәсіп дамып келеді

Ата кәсіп дамып келеді

«Мен Аралға көмектессем деген арма­ныма жеткеніме қуаныштымын» деген Ел­басы сөзі аудан жұртының кемел келешекке деген көзқарасын нығайта түскенін уақыт­тың өзі дәлелдеуде. Ширек ғасырдан ас­қан тәуелсіздігіміздің жемісті жолын бір ғана Аралдан аңғаруға болатын дәрежеге жеттік. Тарихы тереңнен бастау алатын, өнер мен дәулет қонған киелі мекен заман талабына сай өсіп-өркендеуде. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жүзеге асқан «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақ­ тау» жобасы өз нәтижесін беріп, атадан балаға мирас болған балықшылық кәсіптің көкжиегі кеңеюіне септігін тигізді. Нақтырақ тоқталсақ, ұзындығы 13 шақы­рымды құрайтын тоғыз қақпалы су өткізгіш бөгет Кіші теңіздің арнасын толтырды. Қазіргі таңда ғасыр кереметтерінің бірі­ не баланған бұл бөгет төңіректегі шағын көлдерді кемеріне келтіріп, балықтан­дыруда. Теңіз суының көлемі 51,17 текше шақырымға ұлғайып, балық аулау жұмыстары еселенуде. Нақтырақ тоқталсақ, балық аулау 30000 тоннаға артып, тереңнен су маржанын сүзген қауым тынымсыз еңбектерінің бе­ рекесін көруде. Әлеуметтің әлеуетін арт­тырған табысты істер жағалау жұртының шаруасын шалқытқанын әрбір отбасы зор мақтанышпенайтады. Тұрғындардыңбасым бөлігі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, жағдайларын жақсартты. Иә, ауданымыз үшін тәуелсіздігіміздің үшінші онжылдығының басы табыспен түйінделді. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы­ ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жан-жақты қаузалған ұлттықмүддені бірінші кезекке қойған арал­ дықтар болашаққа межеленген асқақ ой­ лардың орындаларына сеніммен қарайды. Яғни, мақсатын айқындап, бағытын бел­ гілеген жұртшылық қанға сіңген қасаң дағдылар мен таптаурын қағидалардан арылып, шынайы прагматизмнің жарқын үлгісіне үңілу үстінде. Бұл да болса санадағы сілкіністің нақты дәлелі. Ұлттық болмыстың өзегін сақтап, әлем­дегі өркениетті елдер қатарынан табылуға бізде бар мүмкіндік қарастырылған. Енде­ ше, жаңа жылда да осы қарқыннан танбай, өркениет көшіне ұмтылу қажет. Сенім болған жерде ғана алға қарай жылжу байқалады. Даму желкенін керген еліміздің биік белестеріне, асқаралы асула­ рына куә бола берейік!
Жаңабек ЮСУПОВ,
Қызылжар ауылы.
07 қаңтар 2018 ж. 1 536 0