Жұмыла күрессек, жеңеміз
![](/uploads/posts/2017-12/thumbs/1512987016_2017102510362951642_1493384881_dal.jpg)
Тәуелсіздік алғанымыздан бері ширек ғасырдан астам уақыт артта қалса да, осы бір жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың әлі де тыйылмауы көпті қынжылтады. Рас, Президент Нұрсұлтан Назарбаев оңай олжаға құныққан жемқорлармен күресті бәсеңдетпеуді әр жылдардағы халыққа жолдаған Жолдауларында айтып келеді. Нақтырақ тоқталсақ, үстіміздегі жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты стратегиялық құжатында да Елбасы осы бір маңызды мәселеге тағы бір мәрте тоқталып:
-Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жоюды күшейту қажет,-деп, маңызды мәселенің бірі ретінде сатып алу саласын жетілдіруге басымдық берген болатын.
Иә, әр Жолдаудың өз жүгі бар. Барша қазақстандықтар тарапынан қызу қолдау тауып, болашаққа жасалған бағдаршамға баланған Ұлт Көшбасшысының биылғы Жолдауы елдің мүлкін талан-таражға салмауға, әр іске асқан жауапкершілікпен қарауға, жұртшылықтың игілігі үшін қызмет етуге үндейді.
Алмагүл БЕКЖАНОВА,
Жақсықылыш кенті әкімшілігі
аппаратының жетекші маманы.