АЙДЫНДЫ ӨҢІРДІҢ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРЫ

Былтыр өнеркәсіп орындары 9 млрд теңгенің өнімін өндіріп, салыстырмалы уақытта нақты көлем индексі 102 пайызды құраған. Аудан өнімдері туралы айтылғанда алдымен ауызға ілігетіні тұз өндіріс екені белгілі. Өткен жылы аудан бойынша барлығы 541 мың тонна ақ алтын қазылып алынса, 206,4 мың тонна йодталған тұз өндірілген. Сонымен қатар, 2,9 мың тонна балық, 163 тонна ет, 644 тонна нан және нан өнімдері, 135,4 мың текше метр кварц топырағы халық қазынасына айналды.
Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына 7 жоба енген. Бұған дейін 4 жоба жұмыс жасап келген болса, былтыр 2 жоба іске қосылды. Ол Ол – «Қаптама кірпіш өндіру» мен «Асфальт-бетон зауыты» жобалары. Екеуі де құрылыс саласы үшін қажетті кәсіорындар.
Былтыр ауданда 166 жеке тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Өткен жылы жалпы саны 21 нысанға 4,4 млрд теңге қаржы қаралған екен. Соның ішінде 7 мектеп, Сексеуіл кентінде спорттық сауықтыру кешені мен учаскелік полиция бөлімшесі, 3 спорт алаңы, 3 медициналық пункт және 2 полиция бекетінің құрылысы қолға алынған. Іргелі елді мекендер Сексеуіл мен Жақсықылыш кенттерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары дайындалды. Сондай-ақ, былтырғы жылдың басты жаңалығы ретінде 45 жылдан бері өзгертілмеген Арал қаласы шекарасының ұлғайтылғанын атауға болады. Аудан орталығы 6813 гектарға дейін кеңейтілді.
Пікір 37