ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне қойылған мәселелерге сәйкес алдымен аудан әкімі М.Оразбаев 2017 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды арнайы слайд арқылы таныстырып, алдағы міндеттерге жеке-жеке тоқталды. Мұнан соң аудандық мәслихат хатшысы Д.Мадинов хабарлама жасады. Өз кезегінде өклетті биліктің жыл көлемінде жасаған жұмыстарына жан-жақты тоқталған мәслихат хатшысы Д.Жолдасұлы 2017 жылы мәслихат депутаттарының қатысумен 10 сессия өткізлгенін және сол сессияларды барлығы 54 мәселе қаралғанын тілге тиек етті. Сосын Арал аудандық Қоғамдық кеңесінің атқарған жұмыстары туралы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Жоланов хабарлады.
Отырыс соңында аудан әкімі жоғарыда айтылған ауқымды жұмыстар төңірегінде тағы бір мәрте қосымша мәлімет беріп, биылғы жылы қолға алынар маңызды деген бірқатар жобалар жайында сөз сабақтады. Артынша Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының есептері негізінде өткен жылғы қызметтеріне оң баға беру туралы қарар қабылданды.
Сая ЕРАЛИЕВА.