Атқарушы билік халық алдында(Жетес би ауылдық округі)

Бұдан басқа да ілкімді істерді округ әкімі М. Жақсылық өз баяндамасында атап өтті. Учаскелік полиция қызметкер Қ. Қаражанов қылмыстық істер мен қоғамдық тәртіпті қалыптастыру жолындағы атқарылған шаралары жайын ашып айтты.
Аудан әкімі М. Оразбаев тарих қойнауына еніп үлгірген тауық жылындағы толағай табыстарды көрсетіп, атап өтті.
Есепті кездесу соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Тілеуімбетова Қызылжар елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын жөндеу жұмыстарының ІІ кезеңін жеделдетуді сұрап, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлық жауап алып, кездесуге қатысушыларға тағы бір жағымды хабар жеткізді.
Оңталап Жолдасов.