Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Жуырда «Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы ғимаратында аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жолановтың төрағалығымен өткізілген жиында кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері, аудандық құрылымдық дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері бас қосты. Жиынның күн тәртібінде: есірткі бизнесіне қарсы күресте мүдделі органдармен атқарылып жатқан шаралар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері және Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған жерге тағзым» акциясының орындалу барысы сөз болды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ә.Қосбармақов арнайы хабарлама жасады. Белгілі болғандай, аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан жыл басынан бері барлығы 18 килограм 318 грам 46 милиграмм есірткі заттары тәркіленген. Соның ішінде, кеден қызметі және облыстық ішкі істер Департаментімен бірлескен жоспарына сәйкес, «Рубеж» Арал-Шеп жол-парульдік бекетінде облыстық ішкі істер департаменті, Кеден қызметі, Арал аудандық ішкі істер бөлімнің қызметкерлері қызметтік итпен жыл басынан бірлесіп жүргізілген тексеру шараларының нәтижесінде, есірткі заты болып табылатын кептірілген марихуана заттарын заңсыз иемденіп, тасымалдау және заңсыз сақтаудың 15 дерегін анықтаған. Жалпы тіркелген есірткі қылмыстарының басым бөлігі басқа облыс тұрғындары тарапынан есірткі, психотроптық заттарды өткізу, мақсатынсыз тасмалдау дерегі болып отыр. Бүгінгі таңда, аталған тұлғалар соттың үкімімен өз жазаларын алды.
Мұнан соң, сөз алған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Жеткерұлы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін тарқата айтып, соның ішінде 4-ші деңгейлі бюджеттің енгізілуі бойынша атқарылатын шараларды баяндап өтті.
Қоғамдық кеңес отырысының соңында «Туған жерге тағзым» акциясы жалпылама талданып, кеңес төрағасы А.Жолданов аталмыш акция аясында туған жерден түлеп ұшқан ел перзенттерін
белсенділікке шақырып, бәрінің назарына ұсыну жөніндегі үндеуін
19 желтоқсан 2017 ж. 1 683 0