Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастармен кездесу

Жастармен кездесу

"Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарап, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында белсенді жастармен кездесу өтті. Кездесуге "Нұр Отан" партиясы Арал аудандық филиалының қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаты Ізбасаров Әлібек және Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғабиболатов Сұлтанбек қатысты. Іс-шараны Ә.Ізбасаров ашып, басқосудың мәні мен мазмұнын айтып, егемендік, тәуелсіздік және мемлекеттік рәміздердің еліміздің тәуелсіздігіндегі алатын орны туралы түсіндіріп өтті.Тәуелсіздік алу жолында алуан белестер бағындырылды және мемлекеттік рәміздер - саяси тәуелсіздіктің және егемендіктің нышаны болып табылады.Осы тақырыпта С.Ғабиболатов баяндама жасап, Мемлекеттік рәміздердің, яғни мемлекеттік тудың, мемлекеттік елтаңбаның стандарттарына тоқталып кетті. Одан әрі, қатысушылардың қойған сұрақтарға тұшымды жауап берілді.
19 желтоқсан 2017 ж. 1 915 0