АЙДЫНДЫ ӨҢІРДІҢ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРЫ
Сәрсенбі күні аудандық мәдениет үйінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындар алдындағы есепті кездесуі өтті. Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстар жайы баяндалып, алдағы міндеттер сараланды.Теңіз төскейіндегі халық үшін тауық жылы табысты өтті. Мұны аудан әкімінің есебінен анық аңғаруға болады. «Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасы» бойынша ауданда ауқымды жобалар атқарылған. Мәселен, экономика салалалырын дамытуды көздейтін аталған Жол картасында 114 млрд теңгенің 84 жобасы қамтылған екен. Аудан әкімі М.Оразбаев былтыр соның 39-ы іске асырылғанын атап өтті. Биылғы жоспарға енген ірі жобалар да аз емес. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өндіріс салалары бойынша межеленген жұмыстар қалыпты жүзеге асырылып, жалғасын таппақ.
Былтыр өнеркәсіп орындары 9 млрд теңгенің өнімін өндіріп, салыстырмалы уақытта нақты көлем индексі 102 пайызды құраған. Аудан өнімдері туралы айтылғанда алдымен ауызға ілігетіні тұз өндіріс екені белгілі. Өткен жылы аудан бойынша барлығы 541 мың тонна ақ алтын қазылып алынса, 206,4 мың тонна йодталған тұз өндірілген. Сонымен қатар, 2,9 мың тонна балық, 163 тонна ет, 644 тонна нан және нан өнімдері, 135,4 мың текше метр кварц топырағы халық қазынасына айналды.
Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына 7 жоба енген. Бұған дейін 4 жоба жұмыс жасап келген болса, былтыр 2 жоба іске қосылды. Ол Ол – «Қаптама кірпіш өндіру» мен «Асфальт-бетон зауыты» жобалары. Екеуі де құрылыс саласы үшін қажетті кәсіорындар.
Былтыр ауданда 166 жеке тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Өткен жылы жалпы саны 21 нысанға 4,4 млрд теңге қаржы қаралған екен. Соның ішінде 7 мектеп, Сексеуіл кентінде спорттық сауықтыру кешені мен учаскелік полиция бөлімшесі, 3 спорт алаңы, 3 медициналық пункт және 2 полиция бекетінің құрылысы қолға алынған. Іргелі елді мекендер Сексеуіл мен Жақсықылыш кенттерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары дайындалды. Сондай-ақ, былтырғы жылдың басты жаңалығы ретінде 45 жылдан бері өзгертілмеген Арал қаласы шекарасының ұлғайтылғанын атауға болады. Аудан орталығы 6813 гектарға дейін кеңейтілді.

Пікір 37