Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары қымбаттады?

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері пияз - 98 пайызға, сәбіз - 58 пайызға, картоп - 34 пайызға және күріш - 22 пайызға қымбаттаған. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің орташа өсімі жыл басынан бері 8 пайызды құраған.
Қымбаттаған азық-түлік тауарларының ішінде бірінші сорттағы ұн мен сол ұннан жасалған нан өнімдері, тауық еті, сиыр еті, сары май және кеспе өнімдері бар.
Керісінше бағасы төмендеген азық-түлік өнімдері де бар. Жұмыртқа - 10 пайызға, ақбас қырыққабат - 8,6 пайызға, қант - 3,5 пайызға және сүзбе 3 пайызға арзандаған.
Орташа есеппен жыл басынан бері азық-түлік өнімдерінің бағасы Нұр-Сұлтанда - 15,6 пайыз, Жезқазғанда - 10,4 пайызға, Өскеменде - 10,2 пайызға, Семейде - 9,9 пайызға және Қызылордада 7,7 пайызға өскен.
