Әлемде COVID-19 ауруының көрсеткіші 52%-ға өсті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 ауруының 28 күн ішінде 52%-ға өскенін хабарлады. Барлығы 850 мыңнан астам адам коронавируспен ауырған.
“Инфекция қаупін азайту үшін бетперделерді пайдалануды, бөлмелерді желдетуді және қашықтықты сақтауды жалғастыру керек. Сондай-ақ өзіңіз бен жақындарыңыздың COVID-19 және тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз ", - деп жазды Гебрейюс.
Оның айтуынша, әлемде коронавирус пен тұмаумен сырқаттанушылар саны артып келеді.
Фото: stan.kz