Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 500 миллионнан асты
Әлемде коронавирустық инфекцияның 500 миллионнан астам жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Университет сайтында хабарланғандай, сағат 09:41-дегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша әлемде 500 363 741 КВИ оқиғасы анықталды, 6 183 944 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір апта ішінде әлемде коронавирустық инфекциялар санының төмендегенін хабарлады.
Ұйымның мәліметі бойынша, КВИ-дің жаңа жағдайларының саны 24% - ға, өлім-жітім 18% - ға төмендеді.
Аяна Тоғанбек