Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22,5 миллионнан асып кетті

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22,5 миллионнан асып кетті

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 22,5 миллионнан асты. Ал 14,4 миллион адам жазылып шыққан.

Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сүйенсек, коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде АҚШ бірінші орында тұр. Онда COVID-19 5,5 миллион адамнан анықталған. Оның ішінде 173 мыңнан астам адам көз жұмса, жазылып шыққандар саны – 74 мың.
Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 3,4 миллионнан, жазылып шыққардар 2,8 миллионнан асты және 111 мыңнан астам адам көз жұмды.
Үшінші орында тұрған Үндістанда 2,8 миллион адамнан коронавирус анықталды. Ал 2 миллионнан астам адам жазылып шығып, 53 мыңнан астам адам көз жұмды.
Сонымен қатар, алғашқы ондыққа Ресей (939 мың), Оңтүстік Африка (596 мың), Перу (558 мың), Мексика (537 мың), Колумбия (513 мың), Чили (391 мың), Испания (370 мың) кіреді.
baq.kz
21 тамыз 2020 ж. 619 0