Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі коронавирус: 3 маусымда таңертеңгі жағдай

Әлемдегі коронавирус: 3 маусымда таңертеңгі жағдай

3 маусымда таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 6,3 миллионнан асты. Бұған Джон Хопкинс университетінің жобасының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Университет мәліметтеріне сәйкес, COVID-19-ды әлемде 6 372 447 адам жұқтырған, 379 709 адам инфекцияның құрбаны болған, тағы 2 725 541 адам сауыққан.
Инфекция жұқтырған адамдар саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді:
  1. АҚШ - 1.831.435 адам жұқтырды, 106.180 адам көз жұмды,
  2. Бразилия - 555 383 адам жұқтырды, 31 199 адам көз жұмды,
  3. Ресей - 423 186 адам жұқтырды, 5031 адам көз жұмды,
  4. Ұлыбритания - 279 392 адам жұқтырды, 39 452 адам көз жұмды,
  5. Испания - 239 932 адам жұқтырды, 27 127 адам көз жұмды,
  6. Италия - 233 515 адам жұқтырды, 33 530 адам көз жұмды,
  7. Үндістан - 207 183 адам жұқтырды, 5829 адам көз жұмды,
  8. Франция - 188 450 адам жұқтырды, 28 943 адам көз жұмды,
  9. Германия - 183 879 адам жұқтырды, 8563 адам көз жұмды,
  10. Перу - 170 039 ауру адам жұқтырды, 4634 адам көз жұмды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус туралы басқа статистиканы ұсынды. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 6 194 533-ке жетті, 376 320 адам құрбан болды. Бір күнде әлемде 124 139 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді.

  

03 маусым 2020 ж. 792 0