Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі коронавирус: 19 мамырдағы таңертеңгі жағдай

Әлемдегі коронавирус: 19 мамырдағы таңертеңгі жағдай

19 мамыр күні таңертең әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 4,8 миллионнан асты. Бұған Джон Хопкинс университетінің жобасының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды  stan.kz ақпарат агенттігі.

Университеттің мәліметі бойынша, коронавируспен әлеміде 4801282 адам ауырып, 318465 науқас инфекцияның құрбанына айналды, 1786829 адам сауығып кетті.
Инфекция жұқтырған адамдар саны бойынша алғашқы ондыққа мына елдер кіреді:
АҚШ - 1508291 адам ауру жұқтырды, 90340 адам қайтыс болды,
Ресей - 290678 адам жұқтырыды, 2722 қайтыс болды,
Бразилия - 255368 адам ауру жұқтырды, 16853 қайтыс болды,
Ұлыбритания - 247709 адам жұқтырды, 34876 қайтыс болды,
Испания - 231606 адам жұқтырды, 27709 қайтыс болды,
Италия - 225886 адам жұқтырды, 32007 қайтыс болды,
Франция - 180051 адам жұқтырды, 28242 қайтыс болды,
Германия - 176551 адам жұқтырды, 8003 қайтыс болды,
Түркия - 150593 адам жұқтырылды, 4171 қайтыс болды,
Иран - 122492 адам жұқтырды, 7057 қайтыс болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус туралы басқа статистиканы ұсынады. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемде COVID-19 жұқтыру оқиғаларының саны 4628903-ке жетті, 312 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бір күнде әлемде 100078 жаңа инфекция оқиғасы тіркелді. Инфекциялардың көпшілігі Америкада тіркелген - 2017811.
Қазақстанда 6440 науқас тіркелген. 3469 адам қалпына келді, 35 науқас қайтыс болды.
19 мамыр 2020 ж. 704 0