Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: 13 мамыр таңертеңгі жағдай

Коронавирус: 13 мамыр таңертеңгі жағдай

13 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,2 миллионнан асты. Бұл туралы федералды және жергілікті билік, БАҚ және басқа да мәліметтерді бақылап отыратын АҚШ-тағы Джонс Хопкинс атындағы университет мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі. 
Университет мәліметінше, дүние жүзінде 4 259 255 адам COVID-19 жұқтырса, 291 843 адам вирус құрбаны болған. Тағы 1 493 091 адам аурудан айығып шыққан.   
Коронавирус жұқтырған науқас саны көп алғашқы ондықта: 
АҚШ- 1 369 386 науқас, 82 339 қайтыс болды,
Ресей - 232 243 науқас, 2 116 қайтыс болды,
Испания - 228 030 науқас, 26 920 қайтыс болды,
Ұлыбритания - 227 741 науқас, 32 769 қайтыс болды,
Италия - 221 216 науқас, 30 911 қайтыс болды,
Франция - 178 349 науқас, 26 994 қайтыс болды,
Бразилия - 177 602 науқас, 12 404 қайтыс болды,
Германия - 173 171 науқас, 7 738 қайтыс болды,
Түркия - 141 475 науқас, 3 894 қайтыс болды,
Иран - 110 767 науқас, 6 733 қайтыс болды.
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері басқаша. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны - 4 098 018, оның ішінде 283 мыңнан аса адам қайтыс болған. Бір тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 87 913 адам анықталған. 
Қазақстанда коронавирус инфекциясын 5279 адам жұқтырса, оның 2223-і аурудан айығып шыққан. Тағы 32 адам қайтыс болды. 
13 мамыр 2020 ж. 847 0