Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30-ға жетті

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағсы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30-ға жеткенін айтты.
Сондай-ақ, алты адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды. "Оның жартысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалаларында. Бүгінде 1279 науқас жазылып, үйіне жіберілді. Стационарда 2897 сырқат емделіп жатыр. Олардың 85 пайызы қалыпты, 14 пайызы орташа қалыпты жағдайда және 25 науқастың жағдайы ауыр. Ал 6 науқас өте ауыр жағдайда. Оның ішінде 7 сырқат жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді Сұлтанғазиев.