Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артты

Қазақстанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны артты

  sputniknews.kz Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус инфекциясының салдарынан тағы екі адам көз жұмғанын хабарлады.
 Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі науқас қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігі жағдай Жамбыл және Қарағанды облыстарында тіркелгенін хабарлады. 
"Жамбыл облысында көз жұмған науқас Павлодар облысының тұрғыны. 1959 жылы туған ер адам жүк көлігінің жүргізушісі болған. 20 наурыз-18 сәуір аралығында Ресей, Беларусь, Польша, Чехия және Қырғызстан елдеріне барған. Мемлекеттік шекарада алынған COVID-19 тесті оң нәтиже көрсетті", - деп жазылған хабарламада.
19 сәуірде науқастың дене қызуы жоғарылап, әлсіздік пен құрғақ жөтел болған. Гипертония, созылмалы бронхит және 2-ші дәрежелі семіздік секілді қосымша ауруларына байланысты 23 сәуірде науқастың жағдайы нашарлай түскен. 4 мамырда қайтыс болды.
Барлығы елде 4 049 адам індетке шалдықты. 1 173 науқас жазылып шықты, 29 адам көз жұмды.



05 мамыр 2020 ж. 592 0