Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1341-ге жетті: Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырған тағы 10 адам тіркелді

1341-ге жетті: Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырған тағы 10 адам тіркелді

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1341-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"16 сәуірдің 12:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1, Жамбыл облысында – 1, Алматы облысында - 4", - делінген хабарламада. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 305 адам, Алматы қаласында – 393 адам, Қарағанды облысында - 84 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 70 адам, Жамбыл облысында - 50 адам, Шымкент қаласында - 43 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 29 адам, Ақтөбе облысында - 14 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 13 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 131 адам, Батыс Қазақстан облысында - 25 адам, Түркістан облысында - 49 адам, Қостанай облысында - 5 адам, жалпы 1341 науқас тіркелді. Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.
16 сәуір 2020 ж. 466 0