Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Қызылорда облысында науқастар саны 85-ке жетті

Коронавирус: Қызылорда облысында науқастар саны 85-ке жетті

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 76 адамға жетті, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz.
8 сәуір 22:35-тегі мәлімет бойынша, қауіпті індетті жұқтырған тағы 9 адам Қызылорда облысында тiркелді.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында – 55 адам, Ақмола облысында – 43 адам, Атырау облысы – 36 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 23 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 6 адам, Қызылорда облысында – 85 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 34 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 727 науқас тіркелді«, – делінген аталған хабарламада.
08 сәуір 2020 ж. 572 0