Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың көбі әйелдер ме, ерлер ме

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың көбі әйелдер ме, ерлер ме

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, коронавирус жұқтырған 67 науқас инфекцияны шет мемлекетте жұқтырған. Ал 103 адам дертке Қазақстан аумағында шалдыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 294-ке жетті. Осы орайда, орталық 293 науқас туралы статистика ұсынды. Мәліметке сәйкес, коронавирусқа шалдыққан 114 адам оған дейін COVID-19 жұқтырғандармен байланыста болған.
Орталық ақпарынша, коронавирус жұқтырғандар арасында ер азаматтарға қарағанда әйелдер үлесі көп. Ал инфекция жұқтырғандардың көп бөлігі 30-35 жас тобына жатады. 20-25 жас тобындағы науқастар арасында 17 әйел мен 8 еркек бар. Келесі бесжылдық тобында 25 науқас, 8 еркек, 13 әйел енген. Елімізде жасы 65- тен асқан науқас тіркелмеген.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирустық инфекция анықталғандар арасында жеті науқастың жағдайы ауыр. Ал 215 пациентте коронавирус жеңіл түрде өтіп жатыр.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының деректеріне сәйкес, коронавирус жұқтырған 8 науқастың дерті ауыр формада өтіп жатыр. Тағы 28 пациенттің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Орталық сайтының хабарлауынша, қалған 215 науқаста инфекцияның жеңіл түрі анықталған.
https://kaz.nur.kz/
30 наурыз 2020 ж. 595 0