Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 болды: Қарағандыда 2 оқиға тіркелген

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 болды: Қарағандыда 2 оқиға тіркелген

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда тағы 5 адам коронавирус жұқтырды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде тағы 5 адамнан коронавирус табылған.
«Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы бес адам анықталды. Оның екеуі Қарағанды қаласында, 1971 және 1972 жылы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген болатын. Сол сияқты, Алматы қаласы бойынша үш адам тіркеліп отыр. Олар 1979 жылғы әйел адам. Бізге Берлин қаласынан ұшып келді. Екінші азамат 1997 жылғы ер адам, Франциядан ұшып келді. Соңғысы 1982 жылғы әйел адам. Барлығының денсаулықтары жақсы» , – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49 болды. Оның ішінде Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25 және Қарағандыда – 2 жағдай тіркелген.
20 наурыз 2020 ж. 613 0