Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус індетіне байланысты ең ірі зерттеудің нәтижесі жарияланды

Коронавирус індетіне байланысты ең ірі зерттеудің нәтижесі жарияланды

Қытайлық ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CCDC) COVID-19 коронавирусының қазіргі кездегі ең ірі зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Бұл нәтижелер туралы CNBC қысқаша жазды. Талдау мәліметтері 11 ақпанға сай, деп хабарлайды stan.kz агенттігі

Сарапшылар CCDC дерекқорынан 72,3 мың пациенттің жазбаларын зерттеді. 44,6 мың жұқтырып алғандардың жағдайы, инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін 16,2 мың жағдай және коронавирус тасымалдаушысының белгілері мүлдем көрсетілмеген 889 жағдай егжей-тегжейлі зерттелді.
Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі 30-дан 69 жасқа дейін екені белгілі болды. Олардың көпшілігі «Уханьмен бірге болғандығын», яғни олар коронавирус індеті басталған қаламен қандай да бір байланыста болғанын хабарлады, мысалы, олар Уханьннан келген адамдармен байланыста болған.
Инфекция жұқтырғандардың 81 пайызы «жеңіл» топқа кірген. Тек 4,7 пайызы «ауыр» санатқа еніп, олардың жартысы өліммен аяқталды. CCDC деректері бойынша коронавирус ауруынан болатын өлім көрсеткіші ер адамдарда әйелдерге қарағанда көп, мысалы, ер адамдарда 2,8 пайыз, ал әйелдерде 1,7 пайыз. Жалпы өлім деңгейі 2,3 пайызды құрайды. Анықталған науқастардың жалпы санының 51 пайызын ер адамдар құрайды (шамамен 23 мың).
Зерттеулерге сәйкес, қарт адамдар мен денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар инфекцияны жұқтырып алу қаупіне ие. Өлім деңгейі жасына байланысты өсіп отырғаны белгілі болды - 60 пен 69 жас аралығындағы пациенттерде бұл 3,6 пайыз, 70 жастан 79 жасқа дейін - 8 пайыз, ал 80 жастан асқандарда - 14,8 пайыз.
Жүрек-қан тамырлары аурулары және қант диабеті өлім қаупін едәуір арттырады. Аталмыш  аурулары жоқ пациенттердің арасында өлім-жітім деңгейі 0,9 пайызға дейін төмендеді.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 72 мыңнан асып, 1,9 мыңға жуық науқас қайтыс болды. 12 мыңнан астам адам сауығып кетті, деп жазады BBC News. Вакцинаны жасаудың толық процесі, ДДҰ мәліметтері бойынша, шамамен бір жарым жылға созылады.

19 ақпан 2020 ж. 955 0