Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге қашан келгені анықталды

Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге қашан келгені анықталды

Коронавирус жұқтырған қазақстандық елге Германиядан 9 наурызда келген. Онымен бірге ұшып келген 73 жолаушы карантинге жатқызылады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
"Біз жеке ақпаратты жариялай алмаймыз. Коронавирус жұқтырған әйел адам мен ер адам. Алғашқы науқас 9 наурызда Германиядан, екіншісі 12 наурызда кешке келген.
9 наурызда келген 73 жолаушы анықталды, бізде тізім бар. олардың қайда екенінен хабардармыз. Оларды оқшаулап, карантинге жатқызатын мекеме іздестіріп жатырмыз. Олар науқас емес, тек 14 күнге карантинге жатқызылады", - деді Елжан Біртанов.
13 наурыз 2020 ж. 930 0