Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелді

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелді

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелді Автор: Адина Жусупова Қазақстан COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 21 адам анықталды. Олар еліміздің әр өңірінен деп хабарлайды kaz.nur.kz
Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 сәуір 17:15-тегі эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 инфекциясын жұқтырған 21 адам-Алматы (5), Нұр-Сұлтан (11) қаласы мен Қостанай (2) және Жамбыл (3) облыстарында тіркеліп отыр. Осы сағатта: Нұр-Сұлтан қаласы – 316 Алматы қаласы – 398 Шымкент қаласы – 43 Ақмола облысы – 81 Ақтөбе облысы – 14 Алматы облысы – 29 Атырау облысы – 70 Шығыс Қазақстан облысы – 8 Жамбыл облысы – 53 Батыс Қазақстан облысы – 25 Қарағанды облысы – 84 Қостанай облысы – 7 Қызылорда облысы – 131 Маңғыстау облысы – 12 Павлодар облысы – 13 Солтүстік Қазақстан облысы – 29 Түркістан облысы – 49, барлығы 1362 адам. Олардың 263-і ауруынан айықса, 17-адам қайтыс болды.
Айта кетейік 17-науқастың көз жұмғаны жайлы бүгін белгілі болды. Өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелді. Марқұм азамат жүрек-өкпе жеткіліксіздігі және кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты 8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде ем қабылдаған. Оның жағдайы ауыр болған.
16 сәуір 2020 ж. 513 0