Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей коронавирус жұқтырған науқастардың саны жөнінен әлемде екінші орынға шықты

Ресей коронавирус жұқтырған науқастардың саны жөнінен әлемде екінші орынға шықты

Ресей коронавирус жұқтырғандардың саны жөнінен АҚШ-тан кейінгі орынға шықты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейде қазіргі таңда 232 243 адам қауіпті індетке шалдығыпты. Мұндай деректер Джонс Хопксин университетінің сайтында көрсетілген. 
Бірінші орында АҚШ тұр, бұл елде 1,3 миллион азамат коронавирусқа тап болыпты. Ал екінші орынды Испания мен Ұлыбританиядан озған Ресей иеленген. 
Бұған қоса науқастардың саны жөнінен Италия, Франция, Германия, Бразилия, Туркия, Иран және Қытай мемлекеттері алдыңғы орындарға жайғасыпты. 
Бір күнде Ресейде жаңадан ауруды жұқтырған 11 мыңға жуық науқас тіркелсе, 3711 адам кеселден айығып, тағы 107-сі көз жұмған. 
Қазіргі таңда әлем бойынша 4,1 млн азамат коронавирусқа шалдыққан, олардың 286,3 мыңы індеттен қаза болды. 
Соңғы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда коронавирусты 5279 адам жұқтырып, 2108 науқас ауруханадан шығарылса, 32 адам сырқаттан ажал құшқан.
12 мамыр 2020 ж. 713 0