АҚШ-та аз уақыт ішінде 200 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып үлгерген
АҚШ - әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асқан жалғыз мемлекет. Бұл әлемдегі барлық жағдайлардың 20 пайызынан астамын құрайды. Осы уақытта жұқтырғандардың жалпы саны миллионға жақындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, 2020 жылы 2 сәуірдегі 09: 33 уақытына сәйкес, АҚШ-та COVID-19 коронавирус инфекциясы жұқтырғандар саны 200 мыңнан асқан. Бұл планетадағы ең үлкен көрсеткіш. Сонымен қатар, әлемдік көрсеткіштер де қарқынды өсуді жалғастыруда. Ауру жұқтырғандардың саны 100 мыңға жеткен елдер қатарына Италия, Испания, Германия және Франция сынды мемлекеттер кіреді. Осындай өсу қарқыны сақталған жағдайда, 2-3 сәуірде бүкіл әлем бойынша ауру жұқтырған адамдар саны миллионға жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 937 567 адамды құрайды. Америка Құрама Штаттарында 2020 жылғы 2 сәуірде сағат 10: 43-те COVID-19 коронавирустық инфекциясының жағдайы келесі көрсеткіштерге ие. Расталған жағдайлар: 216 515 адам; Өлім дерегі: 5,138; Айыққандар: 8 672 адам. Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды.