Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та коронавирус індетінен көз жұмғандар саны 3 мыңнан асты

АҚШ-та коронавирус індетінен көз жұмғандар саны 3 мыңнан асты

АҚШ-та COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар күн сайын көбеюде. Онда құрбандардың саны үш мыңнан асты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.
Қазіргі уақытта коронавирус індетін жұқтырған америкалықтардың саны 163 мың адамнан астты. Осылайша, АҚШ қауіпті дертке шалдыққан науқастар бойынша әлемде көш бастап тұр. Эпидемия ошағы болып саналатын Қытайдағы көрсеткіш бұдан екі есе аз. Елдегі коронавирус жағдайын Джон Хопкинс университеті қадағалап отыр, деп жазады РИА Новости.
Ал індеттен құрбан болғандардың көшін Италия, Испания, Қытай Халық Республикасы бастап тұр. Бұл тізімде АҚШ төртінші орынға жайғасқан. ТАСС жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, соңғы 24 сағат ішінде Америка Құрама Штаттарында қайтыс болғандардың саны 500-ден асты. Бұндай көп өлім COVID-19 елде тарала бастағаннан бері алғаш рет орын алды.
Өткен тәулікте тағы бір елде коронавирус инфекциясының 100 мың жағдайы тіркелді. Италия вирусты жұқтыру бойынша 100 мыңнан асқан екінші ел болды. Естеріңізге сала кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асқанын хабарлаған едік.

31 наурыз 2020 ж. 798 0