Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 100-ден асты

Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 100-ден асты

Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 3000-нан асып кетті. Италия азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Борреллидің айтуынша, елде вирустан көз жұмғандар саны 107 адамға жеткен. Бұған қоса, 297-ге жуық адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Италия үкіметі коронавирус салдарынан бейсенбіден бастап наурыз айының ортасына дейін елдегі барлық мектептер мен университеттерді жабу шешімін қабылдады. Бұл туралы Италияның білім министрі Люция Аццолина мәлім етті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Италия Оңтүстік Корея мен Иран сияқты вирус өршіп бара жатқан елдердің қатарында.

Соңғы ақпаратқан қарағанда, дүниежүзі бойынша шамамен 3200 адам коронавирустан көз жұмған, 90 мыңнан астам адамнан вирус табылған. Олардың көбі вирус тараған Қытайда тіркелген.  
06 наурыз 2020 ж. 621 0