Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға байланысты шұғыл жиын өткізбек

"Комитет кездесуді сәрсенбі, 22 қаңтар күні Женевада өткізеді. Бұл жиын аурудың таралуы қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық масштабтағы төтенше жағдай саналатынын не саналмайтынын анықтау үшін өткізіледі", - делінген ақпаратта.
Былтырғы жылдың соңында Қытай Халық Республикасының билігі Хубэй провинциясының Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралғаны туралы хабарлаған болатын. Зерттеулердің алдын-ала нәтижелері бойынша, індет коронавирустың жаңа түрінен (2019-nCoV) пайда болған.
20 қаңтардағы жағдай бойынша, белгісіз пневмония жұқтырғандар саны 218-ге жеткен, олардың басым көпшілігі – Уханьда, бесеуі – Бейжіңде, біреуі – Шанхайда, он төрті – Гуандун провинциясында тіркелген. Қазір вирус Қытайдың тыс жерде де тарап жатыр. Жұқтыру оқиғалары Оңтүстік Корея, Жапония мен Таиландта тіркеліп үлгерген.