Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыстағы жарылыстардан 5 бала зардап шекті

Арыстағы жарылыстардан 5 бала зардап шекті

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер саны артты. Олардың арасында балалар бар,Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар Арыс қаласында болған жарылыстан кейін 46 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады, олардың бесеуі бала. "34 адам Түркістан облыстық ауруханасына жатқызылды. Бір адам реанимацияда. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп жатыр", - деді ведомстводағылар.  Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді  Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған.  Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.
https://kaz.tengrinews.kz

24 маусым 2019 ж. 929 0