52 адам көз жұмып, 280 адам зардап шекті: Шри-Ланкада жарылыс болды
Шри-Ланкада жарылыс болып, салдарынан 52 адам көз жұмды.

Елдегі католик шіркеуі мен қонақ үйде, өзге өңірлерінде болған жарылыстан 280 адам зардап шекті.
Бұл туралы Коломбо ұлттық емханасы мәлімдеді.
Бұған дейін 160 адамның зардап шеккені айтылған еді.
Шри-Ланкадағы қонақ үй мен шіркеуде 6 жарылыс болды. Оның үшеуі шіркеуде, үшеуі қонақ үй мен елдің өзге жерлерінде болды. Әзірге жарылыстан 52 адамның мерт болғаны айтылды.