Англияда жарылыс: 2 адам ауыр халде жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Лестердегі шағын азық-түлік дүкенінде болған қатты жарылыстан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Telegraph.Бұл туралы Англияның Шығыс Мидленд өңіріндегі жедел жәрдем қызметінің Twitter-де жариялаған хабарламасында айтылған. «Төтенше жағдай болған жерден Лестер Корольдігі ауруханасына жеткізілген 6 адамның 2-уі ауыр халде», - делінген хабарламада. Жарылыс болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарылыс салдарынан екі қабатты ғимарат толықтай қираған. Осы ғимараттың бірінші қабатында азық-түлік дүкені орналасқан. ТЖ кезінде дүкенде немесе пәтерлерде қанша адамның болғаны әзірге белгісіз. Sky News телеарнасы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлағандай, тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша болған оқиға лаңкестік әрекетпен байланысты емес.
Фото: © EPA-EFE/TIM KEETON
inform.kz
inform.kz