Шымкентте қоқыс арасынан адамның мәйіті табылды

Бұл туралы Today.kz хабарлады.
Сұмдық жайт 21 ақпан күні болған. Қайтыс болған ер адамның жасы шамамен 45-50-лерде.
ОҚО прокуратурасы ақпаратты растады. «Кісі өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалып,сараптама тағайындалды.
Естеріңізге салайық, Шымкентте теміржол бойынан тағы бір ер адамның өлі денесі табылған еді. Оның қалай қайтыс болғаны анықталып жатыр.