Теміржол бойынан табылған мәйіттің кім екені анықталмай жатыр

«Мәйіт теміржолдың Шымкент-Қорғасын бөлігіндегі төртінші бекеттің 3285-ші шақырымында табылды. Бұл халық тығыз орналасқан жер. Бірақ ол жаяу жүргіншілер өтетін жерден өтпеген болуы мүмкін»,- дейді Шымкент стансасының ішкі істер желілік бөлімшесіндегі қызметкерлер. Әзірге марқұмның кім екені белгісіз. Оның тұлғасы мен жалпы жағдайдың себеп-салдары құқық қорғау органы өкілдерімен анықталу үстінде. Еске салайық, бұл екі күн үшіндегі теміржолдағы екінші қайғылы оқиға. Күні кеше ғана таңғы бестер шамасында теміржолдың 3284-ші шақырымында 30-35 жастағы ер адамды поезд қағып кеткен болатын.