Темір жолдан төнер қауіп көп

Бұл бағыттағы қозғалыс барысында мұнан да бөлек қатерлер жетерлік. Рельстердің бойына бөгде заттар қою, көлік қозғалысын реттеуге арналған бағдаршамдарды, байланыс құралдарын зақымдау да үлкен апаттық оқиғаға әкеліп соқтырары белгілі. Сондай-ақ, жолаушылар поездына тас лақтыру да тек қана мүлікті зақымдаумен шектелмеуі әбден мүмкін. Шашыраған әйнек сынықтары жолаушылардың өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Міне, осындай жағдайлардың орын алуына байланысты аудан көлемінде әкімшілік шаралар да көрініп жүр.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіптке бағынған құл болмайды» дейді қазақ. Өз өміріміздің қауіпсіздігі үшін тәртіп сақтауды естен шығармайық.
Б. Ерсейтов,
Арал теңізі станциясындағы желілік полиция
бөлімшесінің бастығы, полиция майоры.