Қалың қар, көк мұздағы қарбалас
Қараша айынан бастап жауған қардың қалың түскендігін айтумен қаңтарды да аяқтап қалдық. Қалың қар мен үскірік аяз қаланы да, даланы да әуреге салуда. Жолдарды қалың қар басқандықтан, шалғайдағы ауылдарға көлік қатынасы қиындады.Аулаларынан шығарған қарды үйлерінің айналасына үйіп қойған тұрғындар онсыз да тар көшеден көліктердің өтуіне кедергі жасап қойғандарын білсе де, сол әдеттерінен арыла алмай келеді. Ал, азық-түлік дүкенінің дәл алдында тайғанақтан құлап қала жаздаған егде жастағы кісі: «Сауда болу үшін алдымен, тұтынушыға жағдай жасау керектігін сезініп, дүкен иелері есіктері алдын қардан тазалап қойса, мұндай болмас еді-ау» деп сөйлеп барады. Ақ қар, көк мұзда қаладағы біз байқаған көңіл күй осындай.
Қала тазалығымен айналысатын қоғамдық негіздегі жұмысшылар болса қыс басталғалы уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Қытымыр аязда темір күректі тәуліктеп ұстау қайдан оңай болсын. «Арал тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры М.Балсүгіров:
–Биыл қар ерте түсті. Көше бойын, алаңдар мен халық жүретін жүргіншілер жолын қардан тазалау құм, тұз себу жұмыстарын қоғамдық негіздегі жұмысшылар атқаруда. Араларында әйел адамдар да бар. Көше бойындағы қар мен қатқан мұздақты қол күштерімен ойып, жинап, автокөлікке тиеу, әрине, қиындау. Жұмысшылар күрек, сыпырғыш, қапшық және мұз оятын құралдармен қамтамасыз етілген. Өткен жылдың қараша, желтоқсан және биылғы жылдың қаңтар айларында көше мен алаңдардан 2 тиегіш трактор, 1 грейдер мен 4 автомашинаның көмегімен, сондай-ақ қоғамдық негіздегі 114 жұмысшының қол күші арқылы, 300 рет қар, 306 көлік лас-қоқыс және 146 рет жаңбыр мен қар сулары шығарылды, -дейді.
Осындай ауыр жұмыстарды атқарып, қазір мұз оюдың машақатына түскен серіктестік жұмысшылары Кенжебек Қалымбетов, Серік Шамұратов, Ермекбай Балабаевтың жан-жақтарына қарауға мұршалары келмеуде. Автотехника жүргізушілері Серікбай Саржанов, Береке Бимағанбетов пен Хамит Имандосов сүргіндеп жүріп, кештің қалай батқанын байқамай қалатындарын айтады. Ал, жұмысшыларға бас-көз болып, көше бойындағы техникалық қауіпсіздікті сақтауды қадағалаушылар Сарагүл Омарова мен Амандық Қыстаубаев атқаруда.
–Күнделікті ауа райын біліп отыру дағдыма айналған. Еліміздің барлық өңірлерінде аяз бен боран, үскірік жел болатындығы алдын ала хабарланды. Сондықтан, сақтықты қатаң сақтаған жөн. Көшенің бәрі көк тайғақ. Жол тазалау – сауапты іс. Қызу жұмыс істеп жатқанымызда жүре алмай бара жатқан жүргіншілерді көрсек, көмектесе қоямыз. Әсіресе, мектеп оқушыларына қиындау, -дейді орталық мешіт жанында мұз ойып жатқан К.Қалымбетов.
Иә, айтса айтқандай, қоғамдық негіздегі жұмысшылардан өзге, әрбір мекеме, түрлі нысандар мен дүкен иелері ғимараттардың айналасын қардан тазартып, мұздарын ойып, келуші халыққа оңтайлы жағдай жасағаны абзал. Себебі, қыс сынақ мезгіл ғой.

Лаура Әйтімова.