Ерікті топ көмек көрсетті
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен еріктілер тобы І топ мүгедегі, қала тұрғыны Әжбенов Тастыбайдың үйіне барып, қолғабыс етті. Қыс мезгілінің суық болып,қардың қалың түсуіне байланысты қыстық отын жарып, ауласындағы қарды шығарып көмек көрсетті. Жастардың көмегіне тәнті болған Т.Әжбенов батасын беріп, алғысын жеткізді.