Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетістікке бастар жол

Жетістікке бастар жол

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 10 қаңтар күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Елбасының Жолдауы  қазіргі таңда орын алып жатқан жаһандық  мәселелерге бой бермей, жетістікке жету жолын айқындап беретін негізгі құрал болып табылады. Әр Жолдаудың қазақ халқына айтар үндеуі мен мақсат-міндеттері бар. Биылғы Жолдауда айтылған басты мақсат-әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіріп, терезесі тең ел ретінде танылу. Осы орайда, жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей, Қазақстан 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің  тұрақты емес мүшесі болып, биылдан бастап аталған Кеңеске төрағалық етуде. Сонымен бірге, өткен жылы орын алған атаулы шараның бірі-жаңа қазақ алфавиті мен жазу таңбаларының бірыңғай стандартының қабылдануы. Былтыр экономика саласында да ілгерілеу байқалып, өндіріс дамыды. Мәселен, жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 пайыз болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 пайыздан асты.
Міне, осылайша, еліміз үшін маңызды шешімдер жүзеге асты. Президент Жолдауда тәуелсіз, әрі өркендеуші ел ретінде жеткен жетістіктерімізбен қатар, 10 негізгі міндетті атап көрсетті. Яғни, «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың  үшінші бес жылдығын әзірлеу, кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды енгізу, «ақылды технологиялар» арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту,автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту,салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау іспетті мақсат-міндеттерді айқындап берді.
Бұл игі бастамаларды ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру баршаға ортақ міндет деп санаймын.
Т. Қанатов,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
12 қаңтар 2018 ж. 1 478 0