Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық 44 кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін

Отандық 44 кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін

Мемлекеттік тапсырыс бойынша импортты алмастыру қолға 2018 жылдың 1 қаңтарында «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Жасампаз» отандық тауар өндірушілерінің консорциуымен мемлекеттік қорғаныс тапсырмасын орындау туралы ұзақмерзімді келісімін негізсіз тоқтату фактісіне қатысты баспасөз конференциясы өтті.
Аталған іс-шараға ««Astana Ютария ltd» ӨИК» ЖШС бас директоры Сәуле Шәуенова, «KAZPLAST» ЖШС директоры Дана Жұмабаева, «Еско» ЖШС Атқарушы директоры Андрей Шмарин, «Жасампаз» консорциумы мүшелері Анатолий Гапанюк, Азамат Абдрасил, қатысты. Баспасөз конференциясына Консорциум құрамындағы 8 компания қатысып, олар ҚР Үкіметінен отандық тауар өндірушілер мүддесін қорғауды сұрады.
Екі тарап арасындағы мәселе былай орын алған. 2016 жылы отандық өндірушілерді біріктіру мақсатында «Жасампаз» консорциумы құрылған болатын. Мемлекеттік қорғаныс тапсырмасын орындау операторы болып «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ тағайындалды. «Жасампаз» консорциумы 2016-2020 жылдары аралығында ҚР Қорғаныс күштеріне қажетті киім мүлігін өндіру бойынша бас орындаушы болып белгіленді.
«Оператор мен консорциум арасында жеткізудің ұзақмерзімді келісімшарты жасалды. Консорциум 2 жыл қорытындысы бойынша жұмысты жауапкершілікпен атқарды әрі тиімді нәтиже көрсетті. Инвестициялық келісім шеңберінде өндірісті кеңейті мен модернизациялауға қаржы жұмсалды. Алайда, «Қазақстан Инжиниринг» қазіргі таңда біржақты, формальды себептерге байланысты Консорциуммен ұзақмерзімді
келісімшартты бұзып отыр: Консорциум құрамындағы 44 кәсіпорын жабылып және 5 мыңнан астам адам жұмыс қалғалы тұр. Осылайша Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Халқына жасаған Жолдауындағы өңдеу өнеркәсібіне қатысты айтқан тапсырманы орындау екі талай болып отыр», – деді Сәуле Шәуенова.
Айта кетелік, консорциум жеңіл өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін 44 кәсіпорынды біріктіріп, отандық нарықта нәтижелі жұмыс атқарып келе жатқан экономикалық модель. Бұл бірлестік шын мәнінде импортты алмастырып, отандық сапалы өнім шығарып келеді. Қазақстан экономикасының дамуы шағын және орта кәсіпоырндардың табысты жұмысына тікелей байлынысты.
«Біздің ойымызша Ұлттық компания келісімді негізсіз бұзуы отандық бизнестің бірігіп, нағаюын қаламайды, оның дамуы әлеуетінен қорқады. Оларға «ескіше» жекелеген кәсіпорындармен жұмыс істеу ыңғайлы да, ал құрамында ондаған кәсіпорны бар салалық бірлестіктерді кеудесінен итереді», – деді «Жасампаз» консорциуымының мүшесі Анатолий Гапонюк.
Айта кетелік, Консорциум экономикалық модель ретінде өз табыстылығын дәлелдеген, ал аталған модель ҚР Үкіметі мен «Атамекен» ҚР ҰКП-мен мақұлданып, 2017 жылдың қыркүйек айында ҚР Премьер-Министрі тапсырмасымен басқа салаларда қолдануға ұсынылған.
Анықтама үшін:
«Жасампаз» отандық өндірушілердің консорциумы өндірістік процестің тұтастай буынын – мақта қозасын өсіру мен қайта өңдеуден бастап, дайын өнімге дейін біріктірді. «Жасампаз» консорциумының қатысушылары бес жыл ішінде отандық үлесі жоғары тауар шығаруға талпынып келеді. «Жасампаз» консорциумының басты компаниясының бірі - «AZALA Textile» ЖШС. Ол мақта қозасын өсіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі өндірістің жабық циклын жүзеге асырып отыр. Өндірісте 600-ден астам жұмыспен қамтамасыз етіліп, экспортта 10 жылдан астам тәжірибесі бар.
Түйме, бекіткіш мен карабин Шымкенттегі «KAZPLAST» ЖШС кәсіпорнында шығарылады, ал «Семей аяқ киім компаниясы» мен «Қарағанды аяқ киім компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері аяқ киім тігумен айналысады. «Саяхат-Сервис-Юг» ЖШС қалыңдығы, ұзындығы мен жалпақтығы әр түрлі жылытқышты өндірсе, «ЮНИС» ЖШС тоқыма бұйымдарын дайындайды. Консорциум мүшелерінің арасында әскери амуницияларды (жарақтарды), шұлық-нәски заттарын шығарумен айналысса, тағы бірі форма киімдері мен керек-жарағын тігеді.
2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша бюджетке түсетін салық пен міндетті төлемдер 40% артты, 5000-нан аса жұмыс орны сақталды, шикізаттағы отандық үлес заттай мүліктің жекелеген позициясында 45%-ға дейін жетті. Инвестициялық бағдарламаның
қорытындысы бойынша, 2017 жылы бірлестік қатысушылары өндірісті жаңғырту мен жаңа өндірісті жасау үшін 5 миллиардтан астам жеке инвестиция құйған.2017 жылы дамытуға және модернизациялауға инвестициялау нәтижесінде Консорциум мүшелері: ішкі нарықта жоғары қосылған құнмен 2017 жылы өнім өндірісін 50%-ға ұлғайтты; халықаралық келісімшарт жасалды, оның аясында 2017 жылы экспортқа бағытталған тоқыма өнімдеріне арналған өндірістік желі іске қосылып, 500-ге жуық жұмыс орны құрылады.
2016 жылы жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайтын жаңа фабрика іске қосылды. Консорциумның мүшелері «Nimex Textile» ЖШС және «Окси Тастил» ЖШС-нің жұмыс істемейтін кәсіпорындарын сатып алды және қайта құрды, нәтижесінде 650-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.
«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz
12 қаңтар 2018 ж. 1 215 0