Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ҚАЗАНДЫҚ – ЖАНҒА ЖЫЛУ

ЖАҢА ҚАЗАНДЫҚ – ЖАНҒА ЖЫЛУ


   Кеше аудандағы ең ірі елді мекен-Сексеуіл кентінде игі істер жүзеге асырылды. Тоғыз жолдың торабында  орналасқан ауылда бірнеше әлеуметтік нысанға блок-модульді қазандықтар пайдалануға беріліп, жаңа полиция пункті ашылды. Мектеп пен балабақшаның жылу жүйесін жаңа құрылғымен қамтамсыз етіп, тұрғындар алғысына бөленген-"Қамқор-Локомотив" және "Қамқор-Менджмент" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Сексеуілдегі салтанатты шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, көпшілік қуанышына ортақтасты.

Кеше аудандағы ең ірі елді мекен – Сексеуіл кентінде игі істер жүзеге асырылды. Тоғыз жолдың торабында  орналасқан ауылда бірнеше әлеуметтік нысанға блок-модульді қазандықтар пайдалануға беріліп, жаңа полиция пункті ашылды. Мектеп пен балабақшаның жылу жүйесін жаңа құрылғымен қамтамсыз етіп, тұрғындар алғысына бөленген – "Қамқор-Локомотив" және "Қамқор-Менджмент" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Сексеуілдегі салтанатты шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, көпшілік қуанышына ортақтасты.
   Ауыл – ағайындықтың айнымас бөлігі, руханияттың қазығы. Содан да болар өсіп-өнген жерге жасалған қызметтің өлшемін ештеңемен теңей алмайсың. Мұндай істерді адамгершіліктің үлгісі, азаматтық белгісі десек артық емес. Сексеуіл кентіндегі №87 орта мектеп пен мектеп жанындағы интернат және "Жауқазын" бабалақшасы    елді мекендегі ең ірі мекеме – "Локомотив жөндеу депосының" қамқорлығының арқасында жаңа технологиямен жылу таратуды бастайды. Енді қазандықтан берілген жылудың қуаттылығы артып, шығыны азаяды. Берекелі іске бастамашы болған мекемеге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алғысын білдірді.
   – Бұл көптен бері көтеріліп, айтылып келе жатқан маңызды мәселенің бірі еді. Бүгін, міне, түйткілді шаруаның түйіні тарқатылып, халық қуанышқа бөленіп отыр. Қыс мезгілінде қазандықтарды іске қосу жауапкершілігі мол жұмыс. Осындай істі қолға алып, оңтайлы шешкен мекемге алғыстан өзге айтарымыз жоқ. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының "Туған жерге тағзым" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан осындай оң бастамалар көбейе берсін дегім келеді. Облыстағы тіректі мекендер қатарына кіретін Сексеуіл кентінде серпінді жобалар одан әрі де жүзеге асырыла бертініне сенім мол, – деді аудан басшысы.
   Салтанатты жиында "Қамқор-Локомотив" және "Қамқор-Менджмент" жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. "Қамқор-Локомотив" ЖШС техникалық директоры Жанатбек Адамбаев өз лебізін білдіріп, шара алдағы уақытта жалғасын табатынын жеткізді. Сондай-ақ, мектеп директоры мен балабақша басшысына қазандықтың куәлігі табысталды.
 Жаңадан қондырылған жылу қазандығы соңғы технология бойынша жұмыс жасайды. Жүйе автоматтандырылған. Қуаты да күшті. "Қамқор-Локомотив" ЖШС "Сексеуіл локомотив жөндеу депосының" директоры Мұхтар Кеулімжаевтың айтуынша, жаңа құрылғының артықшылығы мол.
   – Бұрынғы жылу тарататын қазандықтың тозығы жеткен еді. Әлеуметтік сала алдындағы жауапкершілікті сезінген мекеме басшылығы осы істі қолға алды. Жаңа технологияның арқасында бұл әлеуметтік мекемелер жылудан шығынын 50 пайызға дейін үнемдейтін болады. Бұл қазандықтардың жалпы құны 31 млн теңгені құрады. Алдағы уақытта 2 жобаны жүзеге асыруды ойластырып отырмыз. Ол – ауылдық аурухана мен спорт мектепке осындай қазандықтар орнату, – дейді мекеме басшысы.
16 қаңтар 2018 ж. 2 018 0