Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ - БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ - БАСТЫ НАЗАРДА

Бекбауыл ауылдық округі 
Елді мекен тұрғындары тарапынан айтылған Бекбауылдағы Қазалы – ЭЧ 26 мекемесіне қарасты тозығы жеткен электр желісін күрделі жөндеуден өткізіп, аудандық «КРЭК»АҚ мекемесіне қосуға ықпал жасау мәселесі бойынша - Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-на қарасты Қазалы ЭЧ-26 мекемесі теңгерімінен «ҚЭТТҚ»АҚ мекемесі теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздеігі жылдың қаңтар айының 8-нен бастап электр энегиясымен қамтамасыз ететін электр желілерін көшіру жұмыстарына «ҚЭТТК» АҚ Арал электр торабы мекемесінен 5 техника және 10 адам келіп жұмыс жасауда. Электр желілерін көшіру жұмыстары қаңтар айының екінші онкүндігінде аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сая ЕРАЛИЕВА.
12 қаңтар 2018 ж. 1 625 0