ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Осы орайда, өткен жылы Арал ауданы әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі кезінде жалпы саны – 69 ұсыныс-тілектер тіркелген болатын.
Ендеше, аталған мәселелердің жыл көлемінде орындалу барысын назарларыңызға ұсынамыз.
САЗДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
1)Аудандық маңызы бар Сазды елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын жаңадан салу бойынша – 2017 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаралған қаржыға «Сазды елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолының құрылысын жүргізу үшін Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу веб-порталына ашық конкурс жарияланып, нәтижесінде 03.05.2017 жылы «Дорстрой» ЖШС-мен № 41 келісім - шарт жасалды. Нәтижесінде, аталған жұмыс 100 пайызға атқарылды.
2)Елді мекеннен шағын спорт алаңын салу және «Балауса» балабақшасына жөндеу жұмыстарын жүргізу жолдарын қарастыру жөнінде - Сазды ауылынан ашық шағын спорт алаңын салу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржысы бөлініп, өткен жылдың шілде айында ашық шағын спорт алаңының құрылысы аяқталып, тапсырысқа берілді. Ал, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 6 наурыздағы кезектен тыс 12 сессиясының №68 шешімімен «Балауса балабақшасы» МКҚК-ның ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы көздері қарастырылып, 2017 жылдың 21 шілдесінде ғимараттың жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
