Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағылымды жыл тарихы

Тағылымды жыл тарихы

Қазақ үшін жеті қазынаның бірі саналған иттің орны қашан да жоғары. Міне, бұл жылды да зор салтанатпен қарсы алып, табысты болуына үміт арттық. Біз енді осы ит жылынан қандай игіліктер күтеміз? Өткенге ойша көз жүгіртсек. 1920-1922 жылдар аралығында Кеңес одағында алапат аштық орын алған. Аза­мат соғысынан кейін қатарынан екі жыл қыс қарсыз, жаз жауынсыз болған. Ха­лықты қос бүйірінен қысқан сол бір құр­ғақшылықтың салдарынан елді ашаршылық жайлаған. 1921 жылдың күзіне қарай одақ­тас елдер бойынша қаншама адам ашар­шылық дейтін нәубеттің құрбанына ай­ налды. Қылышынан қан тамған қызыл империяның дәурені жүріп тұрған шақта, елдің оңтүстік облыстарында болған ашар­шылықтың кесірінен миллиондаған қандас­тарымыз талғажау таппай ажал құшты деген мәлімет бар. Сол ашаршылық елдің батысы мен солтүстік облыстарын да жайлайды. 1922 жылдан, яғни, ит жылынан бастап осы ауыртпалық жеңілдей түсті. Осыдан 1928-1929 жылдарға дейінгі аралықта Қа­зақстанда тыныштық орнап, жайлы жылдар орын ала бастады. Уақыт алға жылжып, жыл айналып, тағы сол мешін мен тауық жылына тура келген 1932-1933 жылдары қазақ жерін әлгі ашаршылық дейтін алапат тағы да жайлай бастаған. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұранмен ұштасып жатқан солақай саясаттың салдарынан 1928 жылдары елдегі ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеу басталған. Сол істің ақыры елді күйзеліске ұшыратып, арты аштыққа ұласқан. Ел басына туған сол бір нәубет кезеңдерде жалпы саны 3 миллионға жуық адам жазықсыз қырылып кеткен. «Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» сол қиын кезеңдерде көптеген қандастарымыз өзге елдерге бас сауғалап, босып кетті. Артынша, 1933 жыл босағаға енген кезеңнен бастап, ел басына түскен ауыртпалықтың беті қайта бастады. Күнтізбеге ит жылы енді. Ал, одан кейінгі ит жылы 1946 жылға тура келген-ді. Бұл жыл Ұлы Отан соғысының оты өшіп, ел жеңісін тойлаған. Сол кезден бастап елдегі ауыртпалықтар жеңілдеп, соғыстан кейінгі экономика қалыпқа келе бастады. Иә, біз де ата-бабаларымыздың басы­нан өткен сол бір тарихи кездерді алға тартып, биыл босағамыздан аттаған ит жылынан үлкен үміт күтудеміз. Жалпы, тәуелсіздіктің қай жылдарында да халыққа қолайлы жағдай. Әр жылдардан күтер үмітіміз де зор. Айталық, ауданымыз үшін осы жылы қолға алынар жұмыстар тізбегі жетерлік. Алла, сәтін салса, осы жылы ау­дан көлеміндегі ең ауқымды құрылыс нысандарыныңбірі–150 орындықаурухана ғимараты пайдалануға беріледі деп күтілуде. Одан бөлек, қаладағы №14 мектеп-лицей ғимараты пайдалануға берілсе, ауданға қарасты Ақшатау елді мекеніне де талапқа сай еңселі мектеп ғимараты салынады деген жақсы жаңалықтар бар. Сонымен қатар, ауданда осы жылы ең ірі жобалардың бірі–кальцийлендірілген сода зауытының құрылысы биыл бастау алады деп күтілуде. Өткен жылы қарқынды қолға алынған ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы да биыл қайта жанданып, тіпті, аудан орталығынан тым әріде жатқан Ақ­ басты елді мекеніне су құбыры тартылады деген жағымды хабар да жоқ емес. Сондай- ақ, өткен жылы қолға алынған Қызылжар- Водокачка, Арал-Мергенсай бағытындағы автокөлік жолдарын толықтай аяқтап, пай­ далануға берілмек. Және де Сексеуіл кен­тінен спорттық-сауықтыру кешені мен жа­ңа мектеп ғимаратын салу жоспарлануда. Міне, біз осы жылдан маңызды деген осындай жобалардың аяқталуын және нақты жүзеге асуын зор сеніммен күтеміз. Мұнан өзге аудандағы қоғамдық-саяси, ру­хани салалар шеңберіндегі маңызды бас­ тамалар мен ауқымды жобаларға да айқын жол ашылуы ғажап емес. Сондықтан, ау­ данымыз үшін биылғы жыл табысқа толы болады деген үміттеміз. Себебі, ит жылы исі қазақ үшін қашан да ырыс пен береке жылы болған.
Алтынбек БИСЕНОВ.
07 қаңтар 2018 ж. 1 419 0