Торт ішіндегі құрт: «Магнум» сапасыз өнімді жеткізушіге қайтарып берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Магнум» сауда орталығы жеткізушіге 90-ға тарта тортты қайтарып берді. Торттың ішіндегі біреуінен құрт табылған болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Магнум Кэш энд Кэрри» ЖШС мен «Бахус Центр» ЖШС-ның ақпаратына сәйкес, «Магнум» СО жедел түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижесі бойынша төрт пісіретін «Мир Тортини» ЖШС-нің 91 торты сауда сөресінен алынып, жеткізіп берушіге қайтарылған. Сонымен бірге, болған жайдың себебі анықталғанша аталған өнім қабылданбайтын болды», - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сауалына жауап берген Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті. Аталған жайға сатып алушының әлеуметтік желіде қалдырған шағымы себеп болған. Ол видеода сауда орталығының сөресінде тұрған торттың ішінде қатып қалған құртқа ұқсас зат көрсетілген. Құрттың табылуы астаналық сатып алушылар кездестірген алғашқы жағдай емес. «Столичный хлеб» компаниясының өнімінен Facebook қолданушылары орамжапырақтың тілімін тауып алған. Facebook қолданушыларының тағы бірі 5 минут бұрын ғана сатып алынған тартылған еттен жүн талшығының тауып алғанын түсірген. «Сәтпаев 14 мекенжайындағы «5 минут» дүкеніне тексеру жүргізілді. Ол дүкеннен 21 келіге жуық тартылған ет тәркіленіп, жойылды. Ал «Столичный хлеб» ЖШС-нің нан-тоқаш цехында ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді департамент өкілдері.